Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.67 592.46 6.32

Әуесқой футзалдан AQSUAT CUP республикалық турнирі өтті

Кеше, 09:45 Сәтжан Қасымжанұлы

Ақсуат ауданында бұқаралық спорт түрлерін дамытуға түпкілікті көңіл бөлініп отыр. Қазіргі күні ауданда бұқаралық спортты дамытуға бағытталған 56 спорт нысаны жұмыс істейді. Сонымен қатар М.Имашев атындағы БЖСМ  және Ақсуат ауданының бұқаралық және ұлттық спорт ойындары орталығында балалар спорттың 10 түрі бойынша жаттығудан өтіп жүр. Тағы бір қуантарлығы оқушылардың ептілігін, жылдамдығын арттыру мақсатында ашылған  футбол үйірмесінде 2 оқытушы -жаттықтырушы 96 спортшыны баулып отырса, М.Имашев атындағы БЖСМ 5 жаттықтырушы 102 баланы футболға дайындауда.

Жалпы, Ақсуат ауданы бойынша футбол ойындарына тұрақты қатысудың оң нәтижелері көріне бастады. Мәселен, 2025 жылдың І тоқсанында М.Имашев атындағы спорт мектебінің оқушылары 4  облыстық турнирге қатысып алдыңғы орындардан көрінді. Қантар айында Аягөз қаласында өткен облыстық біріншілігінде 2 орынды иеленсе, ақпан айында Жарма ауданындағы облыстық чемпионатта 1 орын тұғырына көтерілді. Сондай-ақ футболға қызығушылығы артқан оқушылардың жекелей жетістіктері де ауыз толтырып айтарлық. Азамат Амангелдіұлы мен Расұл Тілеубек республика чемпионатының қатысушылары және Семей футзал академиясының құрамына қабылданған спортшылар. Сол сияқты, Батырхан Бауыржанұлы да ҚР чемпионатының қатысушысы әрі «Елімай» футбол клубының мүшесі болса, жақында Ерасыл Тоқтарбеков те «Елімай» футбол клубына қабылданды.

Ауданның ересектер құрамасының да республикалық және облыстық турнирлерде жеңіс тұғырынан көріне бастағаны қуантады. Аталған құрама команда 2024 жылы Абай облысы бойынша футзалдан әуесқойлар (LLF) арасында супер кубок чемпионы атанып үздік шықты. Биыл жыл басынан бері  республикалық Екібастуз Ansat CUP және Өскемен Стройшахтпроект CUP турнирлеріне де белсене қатысқанын атап өткен жөн.

Ал жақында  Ақсуат ауданы әкімдігінің қолдауымен, Ақсуат ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен сәуір айының 11-13 күндері аралығында Семей қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде әуесқойлар арасында футзалдан AQSUAT CUP республикалық турнирі өтті. Турнирге Алматы, Павлодар, Өскемен, Екібастұз қалалары және Абай облысының қала-аудандарынан жиыны 16 команда қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша 1 орынды «Достар» (Семей) командасы жеңіп алса, 2 орынды «Bargy» (Семей) командасы иеленді. Ал 3 орын жүлдесі «Фатих» (Екібастұз) командасына бұйырды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 млн 800 мың теңгені шамалады. Жеңіске жеткен командалар арнайы кубок, медальдармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив