Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Семейде жылу беру маусымы аяқталды

15-04-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында 2024-2025 жылдардың жылу беру маусымы сәтті аяқталды. Осыған орай қала әкімі Талғат Мұратов «Теплокоммунэнерго» КММ ұжымын, сондай-ақ қаланы тұрақты жылумен қамтамасыз етуге атсалысқан мердігер ұйымдардың мамандарына алғысын білдірді.

Оң және сол жағалауда орналасқан магистральдық және аулаішілік жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы алғанда, шамамен 10 шақырымдық жылу желісі жаңартылды.

«Қаланың тұрақты жылумен қамтамасыз етілуі – әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруінің кепілі. Осы жауапты салада еңбек етіп жүрген сіздерге үлкен алғысымды білдіремін. Биылғы маусым апатсыз өтті десек, бұл – сіздердің еңбектеріңіздің нақты нәтижесі», – деді қала әкімі Талғат Мұратов.

Атқарылған жұмыстардың арқасында өткен жылғы маусыммен салыстырғанда апаттық жағдайлар 50%-ға, ал тұрғындардан түскен шағымдар 23%-ға төмендеген.

Жиын соңында қала басшысы жылу беру маусымында белсенділік танытқан қызметкерлерді Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапаттады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив