Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Тассай ауылындағы көпір мәселесі биыл шешімін табады

23-04-2025, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылы көктемгі су тасқыны салдарынан Тассай ауылына кіреберістегі «Жүзағаш» көпірі бұзылып, ауыл тұрғындарына үлкен қиындық тудырған еді. Бүгінгі таңда көпірді қайта қалпына келтіру бойынша нақты жұмыстар атқарылуда.

Аудан әкімі өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аталған нысанға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда құрылысты қаржыландыру мақсатында тиісті бюджеттік өтінім салалық басқармаға жолданған.

Жоспар бойынша, «Жүзағаш» көпірінің құрылысы биыл толығымен аяқталып, Тассай ауылының тұрғындары үшін қалыпты қатынас қалпына келтіріледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив