Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.53 543.73 6.15

Жаңасемей ауданында жаңа спорт залы ашылды

24-04-2025, 08:33 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңасемей ауданына қарасты Новобаженова ауылында заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа спорт залы пайдалануға берілді. Нысан «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және «Batyr bolamyn» қоғамдық қорының қолдауымен ашылды.

Ашылу рәсіміне «Batyr bolamyn» қорының президенті Еркебұлан Сәнібекұлы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымов қатысты. Қонақтар ауыл жұртшылығын жаңа спорттық нысанмен құттықтап, бұл залдың жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Спорт кешенінде күрес, бокс, ауыр атлетика, үстел теннисі сияқты жаттығу түрлеріне арналған құрал-жабдықтар орнатылған. Сонымен қатар, арнайы жаттығу залы мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар қарастырылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив