Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Премьер-Министрдің орынбасары «Семей орманы» табиғи резерватын әуеден бақылады

25-04-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді.

Үкімет басшысының орынбасары сапар аясында облыс әкімі Берік Уәли және Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерімен бірге «Семей орманы» табиғи резерваты аумағын тікұшақпен бақылап, өрттен зардап шеккен алқаптарға әуеден мониторинг жүргізді.

Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында 1 орман өрті, 1 дала өрті және 66 құрғақ шөптің жану фактісі тіркелген.

Өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 170 адамнан тұратын 38 мобильдік топ құрылды. «Семей орманы» резерватымен бірлесіп, елді мекендердің жанында орналасқан орман алқаптарын қорғау үшін механикаландырылған күзеттер орналастырылады. Өрт ошақтарын ерте анықтау мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ-мен өзара іс-қимыл шеңберінде термиялық нүктелердің космомониторингі қамтамасыз етілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив