Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

«Семей орманы» табиғи резерваты жаңа техникалармен толықты

25-04-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін «Семей Орманы» табиғи резерваты аумағында орманшыларға жаңа техникалардың кілті салтанатты түрде тапсырылды.

Шараға Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, облыс әкімі Берік Уәли, Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Рамиль Камалов қатысты.

Табиғат қорғаушыларына 26 «JAC» маркалы көліктерінің кілті табыс етілді. Бұл техника орман ішіндегі өрт ошақтарына жылдам жетуге, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Резерваттың автопаркі соңғы жылдары жаңа техникалармен толығуда. Былтыр мекемеге резервтік қор есебінен 10 өрт сөндіру машинасы, 14 УАЗ Патриот және 8 өрт сөндіруші жартылай тіркеме берілді. Бұдан бөлек демеушілер есебінен 20-ға жуық техникаға қол жеткізді.

«Семей орманы» табиғи резерваты басшысының айтуынша, жыл соңына дейін 39 КамАЗ және 10 өрт сөндіруге арналған трактор алынады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив