Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

Көптен күткен жеңіс

Кеше, 14:22 SHAKARIM UNIVERSITY

Шәкәрім университеттінің Тарих кафедрасы студенттерінен құралған «Шәкәрім жастары» командасы 2025 жылдың 24-25 сәуір аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында өткен олимпиадаға қатысты.

6В01601-«Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша «Абай – мәңгілік құндылықтардың жаршысы» (Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған) тақырыбындағы XVІ Республикалық пәндік студенттік олимпиадада Шәкәрім Университеті студенттері жеңімпаз атанды!

Олимпиаданың басты құндылығы ұлтымыздың болашағы болған студенттеріміздің арасында достық, ғылыми байланыс орнатып, еліміздің тарихынын ұлықтау. Студенттер Е.А. Бөкетов музейіне аралап, академик ғалымның өмірі мен тағылымды ғылыми мұраларымен кеңінен танысты. 2 күнге созылған жарыс күні барлық студенттер үшін үлкен тәжірбие.

Арада 4 жыл салып, келесі жылы университетіміз аталмыш білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өткізу құқығына ие болып, еліміздің түкпір-түкпірінен келетін студенттердің ғылыми ортасына айналмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив