Абай облысында 10 теміржол вокзалы толық жаңғыртылады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Абай облысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы есебінен өңірдегі 10 теміржол вокзалын жаңғырту жоспарланып отыр.
Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, Семей, Аягөз қалалары мен Ақтоғай, Жалаңашкөл, Шар, Дегелең, Үшбиік, Жарма, Белағаш және Ауыл станцияларындағы теміржол вокзалдары толық жаңғыртудан өтеді.
«Семейдегі теміржол вокзалының ғимараты толық жаңартылып, инженерлік инфрақұрылымдары ауыстырылып, іргелес аумағы абаттандырылмақ. Жалаңашкөл станциясының вокзалын жөндеу Алакөлдің туристік әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. Атап өтерлігі, жаңғырту жұмысы барысында вокзалдардың тарихи келбеті өзгермейді. Әр өңірдің архитектуралық ерекшелігі сақталады. Қазіргі уақытта мердігерлер анықталды. Дайындық жұмыстары жүргізілуде» деді облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асхат Есеев.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, еліміздегі 120 вокзалды реконструкциялау көзделген.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚазақстандық ЖЭО-лардың қоймаларында 4 млн тонна көмір және 85 мың тонна мазут жиналғанАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»