Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семей қаласында құдық қақпақтары қалпына келтірілуде

13-05-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімі Берік Уәлидің тапсырмасы аясында қала аумағында бүлінген және сынған құдық қақпақтарын ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағыттағы шаралар тек қаланың орталық көшелерінде ғана емес, шет аудандар мен кенттерді де қамтып отыр.

Алайда, құдық қақпақтарын ұрлау фактілері әлі де тыйылар емес. Бұл жағдай тек қала қауіпсіздігіне ғана емес, тұрғындардың өміріне де тікелей қауіп төндіреді.

Егер сіз осындай құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, бірден 102 нөміріне хабарласыңыз!

Семей қаласында құдық қақпақтарын жабу, ауыстыру жұмыстары жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив