Тұрғындардың өтініші назардан тыс қалмайды
Семей қаласының әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев жеке қабылдау барысында көтерілген тұрғындардың өтінішін бақылауға алып, Первомайская көшесі, 37 мекенжайындағы аулаға барды. Тұрғындармен кездесіп, аула аумағының қазіргі жай-күйімен танысты.
Кездесу барысында тұрғындар ауланың тозғанын, абаттандыруды қажет ететінін айтты. Атап айтқанда, ойын алаңын жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу, аулалық жолдарды асфальттау қажеттігі көтерілді. Сондай-ақ ойын алаңы маңындағы алынып, бірақ шығарылмаған жиек тастары да тұрғындардың алаңдаушылығын туғызуда.
«Биыл ауланы тұрғындардың өтінішімен абаттандырамыз. Асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы салынады. Сонымен бірге қараусыз жатқан жиек тастары шығарылып, тиісті шаралар қабылданады», – деді Бекжан Бапышев тұрғындармен кездесу барысында.
Ауланы абаттандыру бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Жұмыстар кезегімен атқарылатын болады.
Тағыда оқыңыз
АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы