Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды
Бүгін Бесқарағай ауданы әкімінің өкімімен Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Агибаев Нұржан Оразбекұлы тағайындалды.
Тағайындау рәсіміне аудан активі қатысты.
Нұржан Оразбекұлы 1980 жылғы 1 қаңтарда бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келді, ұлты қазақ. Екі жоғары білімі бар, 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей институтын экономист - қаржыгер мамандығы бойынша, 2003 жылы Қазақ Гуманитарлық - заң университетін заңгер - құқықтану мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2001 жылы Семей қаласындағы «Алқа-Ломбард» күзетшісі болып бастады, 2002 - 2004 жылдары Бесқарағай ауданының мәдениет бөлімінің маманы, 2005 жылы – Бесқарағай аудандық білім беру және спорт бөлімінің бас маманы, 2006 жылы – Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, 2008 жылы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік бөлімі бастығының міңдетін атқарушы, 2009 жылғы ақпан айынан Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, 2010 жылғы қаңтар айынан дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, 2010 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы.
2015 жылғы сәуір айынан «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы.
2019 жылы 5 тамыздан бастап Бесқарағай ауданы әкімінің аппарат басшысы лауазымын атқарды.
Жалпы еңбек өтілі 22 жыл, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 20 жыл, оның ішінде басшылық лауазымындағы еңбек өтілі 17 жыл.