Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.81 578.59 6.51

Халық үніне құлақ асу – басты міндет

29-05-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, халықтың өтінішіне назар аударуды жалғастыруда. Жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін көзбен көріп, нақты шешу жолдарын қарастыру мақсатында көшпелі кеңес өтті.

Кездесу Восход, Бобровка кенттері мен 18-қосалқы бекет ауданында, сондай-ақ Шәкәрім 84А, Заречная 63, Дачная 80, Потанин көшесі, Сеченова 9/4, Би Боранбай 39, 8 шақырым және Әуезов 47 мекенжайларында өтті.

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер қатарында спорт мектебінің құрылысы, жолдарды жөндеу, орталықтандырылған су желісіне қосылу, электр энергиясымен қамту, аумақты абаттандыру, тұрмыстық қалдықтарды шығару мен қауіпті ағаштарды кесу жұмыстары бар.

«Әрбір аудан, кент және көше бойынша көтерілген мәселеге жеке тоқталып, нақты шешімдер қабылдаймыз. Бүгінде қаланың тазалығына басымдық беріп, көңіл бөлудеміз. Сондықтан коммуналдық қызметтерге қоқыстарды шығарып, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ағаштарды санитарлық кесуге тапсырма бердім. Аталған мәселелер ескерусіз қалмайды. Әрбір өтініш назарға алынып, өз кезегінде шешімін таппақ», – деді Бекжан Бапышев.

Кездесу нәтижесінде бірқатар өтініштер сол жерде шешімін тауып, күрделі жұмыстар бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Еске сала кетейік, биыл қаламызда 22 аула абаттандыралмақ және «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тағы 13 аула жөнделеді. Жұмыстар бұнымен ғана шектелмей, тұрғындардың өтінішімен тағы аулалар қосымша абаттандырылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив