Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.81 578.59 6.51

Семей қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті тазалық шарасы өтті

29-05-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 29 мамыр күні Семей қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға 100-ден астам ерікті жас пен этномәдени бірлестіктердің өкілдері белсене қатысты.

Тазалық жұмыстары барысында қатысушылар Ертіс өзенінің жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар атқарды. Акцияның негізгі мақсаты – қоғамда табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ салауатты экожүйе қалыптастыруға үндеу.

Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс айтып, мұндай экологиялық бастамалардың алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив