Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.81 578.59 6.51

Абай облысының әкімі «SEMEI» телеарнасының жұмысымен танысты

30-05-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақ басшысы Берік Уәли «SEMEI» телеарнасының жұмысымен танысты.

Телеарна алғаш рет 1965 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шығып, республика бойынша төртінші, Одақ бойынша 116-шы телестудия ретінде жұмысын бастады.

2022 жылы Абай облысы қайта құрылғаннан кейін арнаның жаңа тынысы ашылды. Бүгінде «SEMEI» телеарнасы тәулігіне 14 сағат хабар таратып, 30-ға жуық авторлық бағдарламаны көрермен назарына ұсынып келеді. Цифрлық медианы дамыту мақсатында «Digital SEMEI» бөлімі ашылған. Жаңалықтар қызметі күніне 5 рет ақпарат таратады. Қазіргі таңда мұнда 50-ден астам адам еңбек етеді.

Облыс әкімі аудиторияларды, жаңалықтар студиясын, монтаж бөлімдерін аралап, телеарна ұжымымен кездесіп, пікірлесті. Журналистер аймақ басшысына өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты.

«SEMEI» телеарнасының тарихы терең. Биыл 60 жылдық мерейлі белесті атап өткелі отырсыздар. Өңірдегі, елдегі жаңалықтарды бірінші болып жұртшылыққа жеткізуге асығатын телеарнада білікті мамандар жұмыс істейді. Ұжымға келген жаңа басшылық креативті, танымдық дүниелерді көрерменге ұсынып жатыр. Жақында облыстың алдағы даму жоспарын жариялағанда телеарна ғимараты маңында журналистер аллеясын салу туралы айтқан болатынмын. Бұл жұмысты бастаймыз. Бүгінгі кездесуде айтылған ұсыныс-тілектеріңізді ескеріп, тиісті қолдау көрсетеміз»,- деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив