Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.19 582.79 6.46

Семейде санитариялық талаптарды бұзған нысанға 115 АЕК айыппұл салынды

Кеше, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында қоғамдық тамақтану орындарының саны жылдан жылға артып келеді. Өткен жылы қалада 297 нысан жұмыс істесе, биыл олардың саны 328-ге жеткен. Алайда мамандар кез келген тамақтану орнын таңдарда абай болуға кеңес береді. Әсіресе жаз мезгілінде тағамнан улану, жіті ішек инфекциялары мен ботулизмге шалдығу қаупі артады.

Осыған байланысты Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қоғамдық тамақтану орындарында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізуде. Мамандар тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары мен дайындау технологиясына ерекше мән беруге шақырады. 

- Биылғы жылы қалада жаппай улану және ботулизм жағдайлары тіркелмеген. Алайда жіті ішек инфекциясына байланысты 2 жағдай анықталған. Санитариялық талаптарды бұзған кәсіпкерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Ботулизм – алдын алу үшін үй жағдайында дайындалған консервілерді қоғамдық тамақтану орындарында қолданбау, сақтау мерзімі мен температурасын мұқият бақылау, қызметкерлердің жеке гигиенасын сақтау және күмән тудыратын өнімдерді пайдаланбау қажет, – деп атап өтті Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қалдыбатыр.

Мамандардың айтуынша, санитариялық талаптардың орындалмауы тұрғындардың денсаулығына тікелей қатер төндіреді. Сондықтан тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәдениетін қалыптастыру – әрбір кәсіпкер мен тұтынушының ортақ міндеті. 

Жыл басынан бері қоғамдық тамақтану орындарына қатысты 13 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 1 нысанға айыппұл салынған. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 115 АЕК немесе 452 180 теңге көлемінде айыппұл өндірілген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив