Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.77 593.19 6.41

Көшпелі кеңес: жеке қабылдауға келген азаматтардың өтініштері назарда

Кеше, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев жеке қабылдауға келген тұрғындардың өзекті мәселелерімен танысу мақсатында көшпелі кеңес өткізуді жалғастыруда.

Связист шағын ауданы, Шығыс кентінің Сол жақ 4-саяжайы, Мелькомбинат, 10 мекенжайларында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесуде тұрғындар жол, жылу, жарық, абаттандыру, қоқыс шығару, ойын алаңдарының жетіспеушілігі және т.б. мәселелерін көтерді.

«Қала тұрғындарының өтініші назарымыздан тыс қалмайды. Сондықтан тазалық, жарық, жол секілді мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңіз – біз үшін басты бағдар», - деді Бекжан Бапышев.

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, жолдарды тегістеп, қиыршық тас төсеу, ағаш кесу, қоқысты уақытылы шығаруды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив