Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

«Семей орманы» табиғи резерваты аумағында орман өртін ерте анықтау жүйесі іске қосылды

14-06-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

«Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватында орман өртінің алдын алу бағытындағы маңызды жобаның таныстырылымы өтті. Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қатысты.

Резерваттың Бородулиха филиалының Камышенка орманшылығында орман өртін ерте анықтауға арналған автоматтандырылған мониторинг жүйесінің алғашқы құрылғылары орнатылды. Бұл жоба — орман өртінің алдын алу мен жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін заманауи технологиялық шешім.

Жүйе тәулік бойы жұмыс істейтін оптикалық және термовизиялық камералар арқылы орман аумағын толық бақылайды. Биіктігі 30 метрлік антенна-діңгектерге орнатылған камералар 360 градусқа айналып, түтін мен өрт белгілерін автоматты түрде анықтайды. Қауіп анықталған сәтте сигнал бірден жедел басқару орталығына жіберіледі. Бұл өрт ошақтарын уақтылы оқшаулап, залалды азайтуға мүмкіндік береді.

Жүйе болашақта Төтенше жағдайлар министрлігінің басқару орталығымен біріктірілмек. Бұл барлық орман алқаптарын республикалық деңгейде бақылауға жол ашады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив