Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

Бюрода Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібі белгіленді

Кеше, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Палата спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Мәжіліс Бюросында жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Жоғары аудиторлық палатаның есептерін тыңдайды. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, 2024 жылы республикалық бюджетке түскен түсім 19,9 трлн теңгені құрады. Бұл бекітілген жылдық жоспардың 97,5 пайызына тең. Бюджет кірісі 19,6 трлн теңгеге немесе жоспардың 97,2 пайызына орындалып, өсу қарқыны 103,1 пайызды құрады. Бюджет шығыстары 97,8 пайызға орындалып, 23,6 триллион теңге болды.

Сонымен қатар Бюро отырысында Қазақстан Республикасының орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның құрамы туралы мәселе қаралды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив