Қазақстан мен Қытай электрондық сауда саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

«Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті аясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі арасында электрондық сауда саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум екі ел арасындағы электрондық сауданың дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Ынтымақтастықтың басым бағыттарының қатарында: мемлекеттік реттеу мәселелері, тәжірибе алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу, логистиканы дамыту, инвестициялар тарту, сондай-ақ ұлттық және елдік павильондар ашу бар.
Құжатта электрондық сауда саласындағы өзара сенімге негізделген өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылған. Сонымен қатар, Меморандум екі тараптың да екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтуге ұмтылысын көрсетеді.