Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.91 499.05 5.3

Көкпекті ауданының жас кәсіпкерлері саңырауқұлақ өсірумен айналысуда

6-04-2023, 09:25 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы Көкпекті ауданының жас кәсіпкерлері Губанов Руслан Петрович пен Қамшыбаев Айдын Серікұлы ерекше кәсіп түрімен айналысуда. Олар Көкпекті ауданында жоқ кәсіп түрі - саңырауқұлақ өсірумен айналысуда.

Көкпекті ауылында Руслан мен Айдын биылғы жылы бұл кәсіпті қолға алып, аудан тұрғындарын саңырауқұлақтармен қамтамасыз етуге дайын. 

Бүгінгі күні оларда 110 саңырауқұлақ блогында саңырауқұлақтар өсуде. Әрбір саңырауқұлақ блогынан айына 8 кг өнім алуға болады. Қазіргі таңда олар саңырауқұлақтың «Королевская вешенка» сортын өсірумен айналысуда. 

Жас кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, 2,5 % несие алып, саңырауқұлақтың тағы 6-7 түрін өсіріп, кәсіптерін ары қарай дамытуды жоспарлауда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив