Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Водный және Восход кенті тұрғындарымен кезекті кездесу өтті

3-07-2025, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Водный және Восход кенттерінің тұрғындарымен кезекті рет кездесу өткізді. Бұл кездесудің басты мақсаты – алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жобаларымен таныстыру. Оның ішінде электр желісі, жарықтандыру, ауызсумен қамтамасыз ету жобалары бар.

«Водный мен Восход тұрғындарымен тұрақты кездесіп тұрамын. Көтерілген барлық мәселелер менің тікелей бақылауымда. Әр сұрақтарыңыз ескерусіз қалмайды. Мәселелерді кезегімен шешуге жұмыс істейміз», – деді Бекжан Бапышев.

Кездесу соңында әрбір көтерілген сұрақ пен ұсыныс назарға алынып, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілетіні айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив