Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.4 550.69 6.41

Семей – Қарауыл бағытындағы 20 шақырымдық жол жаңартылуда

5-07-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл Абай облысы әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес, «Семей – Қарауыл» автомобиль жолының 97-117 шақырымындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Аталған бағыт – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған жері Қарауыл ауылына апаратын маңызды жол торабы болып саналады.

Жөндеу жұмыстары республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуда. Жобаның тапсырыс берушісі – Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Жұмыс барысына жауапты – «ГордорСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қазіргі таңда ұзындығы 15 шақырымға жуық жол учаскесінде асфальт жабындысының бірінші қабатын төсеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жұмыс барысына 11 арнайы техника мен 21 жұмысшы тартылған.

Жол құрылысы белгіленген мерзім мен барлық техникалық талаптарға сәйкес жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив