Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

«Жеті қазына» ұлттық мәдениет, спорт және туризм фестивалі өтеді

15-07-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени шараларға тоқтала өтті. 

- Биыл 8-10 тамыз күндері Қарауыл ауылында тұңғыш рет республикалық деңгейде өтетін «Жеті қазына» ұлттық мәдениет, спорт және туризм фестивалі. Фестиваль атауы халқымыздың дәстүрлі дүниетанымындағы жеті қасиетті ұғымға негізделген: Ер жігіт, Сұлу әйел, Ілім-білім, Қыран бүркіт, Жүйрік ат, Құмай тазы, Берен мылтық. «Жеті қазына» мәдениет, спорт және туризм фестивалі сайыстарынан бөлек ұйымдастырылатын бабамыздың сүйікті ойыны тоғызқұмалаққа, ұлттық ат спорты мен қазақ күресі (өгіз палуан, түйе палуан) жарыстарына жиыны 1000-ға жуық қатысушы қамтылады деп жоспарлануда, - деді аудан әкімі.

Аудан кәсіпкерлері мен шаруа қожалық басшыларының демеушілігімен 90 аса бас жылқы және естелік сыйлықтар жүлде ретінде беріледі. Аламан бәйге, топ бәйге, түйе палуан, өгіз палуан және айтыс жеңімпаздарына облыс әкімінің үндеуіне сай, 9 автокөлік пен жылқы малы түріндегі сыйлықтар табысталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив