Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Абай облысы мен Қытайдың Тачен (Тарбағатай) аймағы байланысты нығайтады

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесі Тачен (Тарбағатай) аймағының партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэймен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында Абай облысы мен Шәуешек қаласы арасындағы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Тачен (Тарбағатай) аймағының партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэй «Аягөз-Тачен» темір жол желісінің құрылысына, Бақты кеден бекетінің көліктерді өткізу көлемін ұлғайтуға, туристер үшін «жасыл дәліз» ашуға, сауда-саттықты жандандыру үшін шекара маңындағы аймақта жәрмеңке өткізуге байланысты ұсыныстарын айтты. Туризм бағытында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Аймақ басшысы Берік Уәли екі өңірдің ынтымақтастық әлеуетінің зор екеніне тоқталып, биылғы 5 айда Абай облысы мен Қытай өңірлері арасындағы тауар айналымы 812 млн АҚШ долларын құрағанын атап өтті. Бақты шекарасында жәрмеңке өткізу ұсынысын қолдап, бірлескен сауда платформасын құруға дайын екенін жеткізді.

«Біздің өңіраралық қатынастарымыз екі елдің көшбасшылары – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин салған достық негізінде нығайып келе жатқанын ерекше атап өткім келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Қытай Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі болды және солай болып қала береді. Біздің ынтымақтастығымыз – шынайы достық, тату көршілік және өзара қолдаудың үлгісі. Бүгін Абай облысы мен Тарбағатай округы – тек географиялық көршілер ғана емес, сонымен қатар өңірлер деңгейінде стратегиялық серіктестер. Сіздің тамыз айында болатын сапарыңыз бұл ынтымақтастықты тереңдетудің тамаша мүмкіндігі деп білеміз. Болашақта біздің делегациямыз да сіздің округіңізге жауап сапармен барып, тәжірибе және даму перспективалары туралы пікір алмаса алады деп шын жүректен үміттенеміз»,- деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив