Облыс әкімі Абай ауданы тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады
Қабылдауға келген азаматтар негізінен шаруа қожалықтарына электр желілерін тарту мәселесін көтерді. Зейнеткер Талғат Ерденбеков Кеңгірбай би, Көкбай, Тоқтамыс, Архат, Құндызды ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтарының малына қасқырдың шауып жатқанын айтып, соған көмек көрсетуді сұрады.
Азаматтарды қабылдау барысында аймақ басшысы әр мәселені жеке бақылауына алатынын, тұрғындар көтерген проблемалардың ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтты.
«Жарық мәселесі – облыстағы өзекті проблемалардың бірі. Қазіргі таңда бұл мәселені шешу бағытында нақты шаралар қолға алынды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы Экономика министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды. Мәселе облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. Шаруашылықтарға бөлінетін қаражаттың 10 пайызы облыстық, ал қалған 90 пайызы республикалық бюджеттен қарастырылады. Биыл облыс тарапынан 10 пайызына қаражат бөліп, жобаны бастауды жоспарлап отырмыз. Ал келесі жылы басталған жобаға республикалық бюджеттен қаржы сұрап, өтінім жолдаймыз», – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауының алдында басқарма басшылары аудан тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі