Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Биыл Семей қаласындағы 40 аулаға асфальт төселеді

Кеше, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли таңғы сағат 7-ден бастап Семейдегі жол жөндеу, аулаларды абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Биыл «Аулаішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу» бағдарламасы аясында облыс орталығындағы 22 ауланы абаттандыру жоспарланған. Олардың тең жартысы сол жағалауда, қалғаны оң жағалауда орналасқан. Жоба аясында ашық спорт және балалар ойын алаңдарын, шағын сәулеттік формаларды орнату көзделген. Бұдан бөлек халық қатысатын бюджет аясында қосымша 13 аула абаттандырылады.

Қазіргі таңда қаладағы 14 үйдің ауласында абаттандыру жұмыстары басталды. Аймақ басшысы Шығыс кентіндегі Аюченко көшесі 3 мекенжайында жүргізіліп жатқан жаңарту жұмыстарын көріп, тұрғындармен пікірлесті.

Тұрғындар аулаларының жаңа кейіпке еніп жатқаны үшін алғыс айтып, ризашылықтарын жеткізді.

«Біздің үйіміздің алдындағы аула 38 жылдан бері жөндеу көрмеген. Алаң өте жақсы жасалып жатыр. Балаларға керектінің бәрі бар. Футбол, баскетбол алаңдары да қарастырылған. Алғысымыз шексіз»,- дейді қала тұрғыны Людмила Олескина.

Сонымен қатар аймақ басшысы Қостанай көшесіндегі аулаішілік жолдарды көрді. Биыл Семей қаласындағы 40 ауланы асфальттау жоспарланған. Қазіргі кезде оң жағалауда 6 аулада жұмыс жүріп жатыр. Ал сол жағалаудағы 8 аулада жөндеу жұмыстары басталған.

«40 жылдан астам уақыт бойы бұл аулада бірде-бір рет асфальт төселген жоқ. Қазір осындағы 5 аулада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға осындай қамқорлық көрсетіп жатқандарыңызға рахмет»,- деді Қостанай көшесінің тұрғыны Ділдә Еркенқызы.

Облыс әкімі мердігерлерге жұмысты уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

«Биыл Семейдегі 40-қа жуық ауланы абаттандырып, 40 үйдің ауласына асфальт төсеуді жоспарлап отырмыз. Келесі жылы 200 ауланы абаттандыратын боламыз. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады. Қазіргі құрылыс жұмыстары кезіндегі уақытша қолайсыздықтарға тұрғындар түсіністікпен қарайды деп ойлаймын»,- деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив