Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанадағы «Жайлы мектептердің» құрылыс барысын тексерді

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен бірге «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бірқатар құрылыс алаңдарын аралады. Мақсат – білім беру саласындағы үш ауысымды оқытуды және мектептердің шамадан тыс толып кетуін жоюға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Жайлы мектеп» жобасының жүзеге асу барысымен танысу.

Инспекциялық сапар аясында делегация шілде–тамыз айларында құрылысы аяқталатын бес мектепке барды:

1. Алматы ауданындағы М. Төлебаев пен Бурабай көшелерінің қиылысындағы мердігер «Bazis Construction» ЖШС салып жатқан 2 мың орындық мектеп;

2. Ш. Құдайбердіұлы даңғылы мен І. Жансүгірұлы көшесі қиылысындағы мердігер «NAK Construction» ЖШС салып жатқан 2 мың орындық мектеп;

3. Байқоңыр ауданындағы Егемен Қазақстан мен А.Иманов көшелеріндегі мердігер «Bazis Construction» ЖШС салып жатқан 2 мың орындық мектеп;

4. Нұра ауданы Е30, Е751, Е796 көшелеріндегі мердігер «Integra Construction KZ» ЖШС салып жатқан 2 мың орындық мектеп;

5. Нұра ауданы Ұлы дала даңғылы мен Эллингтон-16 көшесі жаныңдағы мердігер «Integra Construction KZ» ЖШС салып жатқан 2 мың орындық мектеп.

2025 жылы Астана қаласында 14 мың оқушыға арналған 7 жайлы мектептің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл екі ауысымды және 7 шамадан тыс толған мектептердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, 2024–2025 жылдары елордада бір ауысымда оқытылатын 42 400 орынға арналған 23 мектеп салынады.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында еліміздің білім беру инфрақұрылымы ауқымды түрде жаңғыртылуда. Ол әрбір бала үшін заманауи, қауіпсіз және қолжетімді білім беру кеңістігін құруды қамтамасыз етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив