Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Сенат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерді талқылауға дайын

13-04-2023, 10:19 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесті. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі өкілеттіктерді іске асыру мәселелері – кездесудің басты тақырыбы болды.

Комитет төрағасы Андрей Лукин өз сөзінде еліміздің конституциялық дамуының қазіргі кезеңі адам құқықтарын қорғау тетіктерін үнемі жетілдірумен сипатталатынын атап өтті.

«Бүгінгі кездесу ең алдымен, Парламент пен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша өзара іс-қимылдың ықтимал салаларын айқындауға, оның ішінде мемлекеттік органдармен диалог алаңын қалыптастыруға арналып отыр. Сонымен қатар елімізде адам құқықтары мен бостандықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін заңнамалық өзгерістерге бастама жасау мүмкіндігі де бар», - деді сенатор.

Тараптар кездесу барысында ұлттық құқық қорғау мекемесінің қызметі мәселелерін де талқылады. Уәкіл Артур Ластаев кеңсенің құқықтық саладағы құқық қорғау әлеуетін кеңейту жөнінде қабылдаған шаралары туралы парламентшілерді хабардар етті.

«Бірқатар ұсыныстар, атап айтқанда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде зейнетақы төлемдерінің тәртібін жетілдіру, тергеу изоляторында отырған адамдардың медициналық көмекке қол жеткізуінқамтамасыз ету, ұстау кезінде күш қолдану шегін анықтау, шартты түрде мерзімінен бұрын босату институтын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мемлекеттік органдарға жіберілді»,- деді Артур Ластаев.

Шараға қатысушылар заңнаманы жетілдіру және уақтылы алдын алу шараларын қамтамасыз етудегі іс-қимылды нығайту жөніндегі өз ойларын ортаға салды.

«Біз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерді талқылау және осындай шараларды жүйелі өткізетін алаң болуға дайынбыз. Бүгін айтылған заңнамалық олқылықтар, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, оның ішінде «Ұлттық алдын алу тетігі туралы» дербес заңды әзірлеу қажеттігі заңнамалық өзгерістер енгізудің бірлескен бастамасы болуы мүмкін», - деді Андрей Лукин.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив