Облыс әкімі Ақсуат ауданы тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады
Аудан тұрғындары облыс әкімінің жеке қабылдауында бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Аудан тұрғыны Айдын Байназаров Ақсуат ауылындағы психоневрологиялық науқасы бар азаматтарға арналған оңалту орталығына жаңа ғимарат қажеттігін айтты. Қазіргі уақытта орталық жеке кәсіпкердің жалға берілген ғимаратында жұмыс істейді. Аймақ басшысы аудан әкіміне аталған мәселені шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Ойшілік ауылының тұрғыны, ақсақалдар алқасының төрағасы Мақсұтқан Болысов аудандағы жедел жәрдем көліктерін жаңарту қажеттігін жеткізді. Ауылдық емханаларда 2002-2016 жылдары шыққан тозығы жеткен көліктер пайдаланылып отырғаны атап өтілді.
Облыс әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын, кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтіп, аудан әкімі мен жауапты басқармаларға тапсырма берді.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына дейін басқарма басшылары аудан тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.