Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейде қала күніне орай әскери оркестр өнер көрсетті

24-09-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше мерекелік сәт ұйымдастырылды. Қала күні аясында Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Семей қалалық филиалының әскери оркестрі мен Құрмет қарауыл ротасы аспалы көпірдің астында өз өнерлерін паш етті.

Шара барысында оркестрдің әуендері әсем әуезге толы болып, қала тұрғындарына патриоттық рух сыйлады. Құрмет қарауылының саптық қимылдары мен әскери дәстүрді дәріптейтін қойылымдары мерекелік кештің сәнін кіргізді.

Айта кетейік, мерекелік бағдарлама бұнымен шектелмейді. 25 қыркүйек күні сағат 20:00-де орталық Арбатта, ал 26 қыркүйек күні дәл осы уақытта Мұхтар Әуезов алаңында жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив