Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Семейде қала әкімнің алғашқы тікелей сайлауы аяқталды

12-10-2025, 20:03 Думан Кенжеғазыұлы

Дәл қазір дауыс санау жұмыстары жүріп жатыр.

Семей қаласында алғаш рет өткен әкім сайлауы өз мәресіне жетті. Барлық сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-де жабылды. Осыдан кейін сайлау комиссиялары бюллетеньдерді санауға кірісті.

Қала бойынша барлығы 128 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ресми мәліметінше, Семей қаласының сайлаушылар тізімінде 220 мыңнан астам азамат тіркелген. Олардың ішінде 1200-ден астамы – мүгедектігі бар адамдар.

Бұл сайлау – Семей қаласы тарихындағы әкімді тікелей дауыс беру арқылы таңдау тәжірибесінің алғашқысы.

Әр кандидатқа үгіт-насихат жұмыстары үшін бюджеттен 850 мың теңге бөлінген. Бұл қаражат негізінен қала көшелеріне ілінген баннерлерге, автобустардағы парақшалар мен арнайы ақпараттық стендтердегі материалдарға жұмсалған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив