«Алаш арманы» — ұлт рухын ұлықтаған кеш
Республика күніне орай ұлт рухын дәріптеу, Алаш арыстарының мұрасын насихаттау мақсатында Семей қаласында «Алаш арманы» атты танымдық әдеби-музыкалық лекция-концерт өтті.
Іс-шара барысында көрермендерге Алаш қозғалысының тарихы, идеялық мұраттары және оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы маңызы жөнінде тағылымды ойлар ұсынылды.
Сонымен қатар, кеш бағдарламасында Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбегіне арналған поэтикалық оқылымдар мен музыкалық композициялар орындалып, көрермендердің рухын көтерді.
Кешке зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері және қала тұрғындары қатысып, ата-баба аманаты – тәуелсіздіктің қадірін тағы бір мәрте сезінді.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекАлаштың бекзаты – Халел