Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Республика күніне орай домбырашылар шеруі өтті

24-10-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық мереке – Республика күніне орай Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қаламыздың сауда орталықтарыныі бірінде «Ұлт рухы – ұлттық домбыра» атты домбырашылар шеруін  ұйымдастырды.

Бағдарлама барысында зияткерлер ұлттық нақыштағы «Адай», «Балбырауын», «Нәр ағашы», «Ерке сылқым», «Әлқисса» күйлерін шертіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Мектептің мың бұралған би тобы да іс-шараның көркін аша түсті. 

Флешмоб оқушыларды патриоттық және рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді, ұлттық құндылықтар мен төл аспабымыз – домбыраны насихаттауды мақсат етеді.

Айта кетелік, домбырашылар флешмобы қала жұртшылығы үшін таңсық емес. Өйткені, мектеп оқушылары осындай шараларды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив