Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.47 613.75 6.56

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған облыстық 10 күндік бастау алды

1-08-2025, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Абайдың асыл мұрасын ұлықтауға және оның рухани мұрасын кеңінен насихаттауға арналған облыстық 10 күндік Қарауыл ауылында салтанатты түрде басталды. Бұл ауқымды шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан триатлон федерациясының ұйымдастыруымен ұйымдастырылып, аймақ халқын бір мақсат – ұлы ойшылдың өнегелі өмірі мен идеяларын дәріптеу төңірегінде біріктірді.

Бастаманың алғашқы күнінде Қарауыл ауылынан велошеру өтті. Марапатты шараның ашылу салтанатына Абай ауданының әкімі Мейіржан Серікбосынұлы, ҚР Сенатының депутаты Евгений Андреевич және ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Ерікұлы арнайы қатысып, жиналған қауымды ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Велошеруге әртүрлі жастағы тұрғындар мен спорт сүйер қауым қатысып, барлығы 25 шақырымдық бағытты бағындырды. Қатысушылар Абайдың мәңгілік мекені – Жидебайға дейін велосапар жасап, ұлы тұлға рухына тағзым етті.

Бұл игі шара Абай мұрасына деген құрметті айшықтап қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттаудың, ұлт бірлігін нығайтудың және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеудің көрінісіне айналды.

Облыстық 10 күндік аясында алдағы күндері түрлі мәдени, спорттық және танымдық бағыттағы іс-шаралар өткізіліп, өңір тұрғындарына Абайдың рухани әлемін терең тануға мүмкіндік бермек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив