Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

«Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң...» – Кәмен Оразалин музей-үйінде рухани-танымдық шара өтті

12-07-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында және оның ақын шәкірті, ойшыл философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күніне орай 11 шілде күні Кәмен Оразалин музей-үйінде «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң...» атты рухани-танымдық шара ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – ұлт руханиятының қос алыбы Абай мен Шәкәрімнің өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасын ұлықтау, жастарға үлгі ету, рухани сабақтастықты дәріптеу болды.

Іс-шара аясында арнайы тақырыптық көрме ұйымдастырылып, онда музейдің кітап қорынан Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары мен оның өмірі мен еңбегіне қатысты түрлі зерттеу еңбектер қойылды. Көрме келушілерге ұлы ойшылдың рухани әлемін тереңірек тануға мүмкіндік берді.

Шараға ауданның дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бас маманы Ү. Ермұқашева, облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қарауыл филиалының меңгерушісі А. Ақболатов, аудандық «Абай елі» газетінің жауапты хатшысы, «Ulylar elinyn urpaqtary» республикалық журналының бас редакторы А. Сәрсенбина, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі Ж. Баймұханова, сондай-ақ музей ұжымы қатысты.

Кешті музей меңгерушісі Е. Оразалы ашып, шараның маңыздылығын атап өтті. Ол ұлы тұлғалардың тағылымды өмір жолы мен рухани мұрасын дәріптеу – бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы екенін айтты.

Музей қызметкері Қ. Бекенқызы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылық жолына жан-жақты тоқталып, оның Абай негізін қалаған реалистік әдебиет дәстүрін жалғастырушы, терең ойлы философ әрі кемеңгер тұлға екенін атап өтті.

Шара барысында қатысушылар ойшылдың даналығы мен көп қырлы таланты жайында пікір алмасып, ақынның өнегелі өмірінен рухани тағылым алды.

Кештің қорытындысында Шәкәрімнің 140 жылдығына арналған «Қайта оралған кемеңгер» атты әннің авторы Е. Оразалы барша қатысушылармен бірге бұл туындыны орындап, рухани кешті әсерлі нотада аяқтады.

Іс-шара соңында қатысушылар тақырыптық көрмені тамашалап, пікір кітабына ізгі тілектерін қалдырып, естелік суретке түсті.

Бұл тағылымды басқосу – Шәкәрімнің шығармашылық мұрасын насихаттап қана қоймай, жас ұрпаққа ұлт руханиятының мәңгілік құндылығын сезіндіре білген рухани сабақ болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив