Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Абайдың 180 жылдық мерейтойына дайындық барысы пысықталды

11-07-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында облыстық мекемелер өкілдерінен арнайы құрылған штаб мүшелері Абай ауданына іссапармен келді. Штабтың басты мақсаты – мерейтой өтетін нысандардың дайындығын тексеріп, іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.

Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы штаб мүшелерімен бірге мерейтойдың негізгі алаңы болып саналатын Қарауылтөбеге барып, дайындық барысын жан-жақты саралады. Мұнда қазақ үйлер қалашығының орналасу тәртібі, олардың сыйымдылығы мен қонақтарды қабылдау мүмкіндігі, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымның дайындық деңгейі — атап айтқанда электр қуатының жеткіліктілігі, санитарлық-гигиеналық нысандардың (дәретханалар) жағдайы және көрермендерге арналған алаңның жай-күйі егжей-тегжейлі талқыланды.

Бұдан кейін жұмыс тобы Абай саябағы аумағына барып, мұнда орнатылатын өлкетану музей павильондарының, сауда-саттық алаңдарының және автотұрақтардың нақты орналасу орнын белгіледі. Инфрақұрылымның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, мерейтой кезінде жұмыс істейтін жедел әрекет ету штабының үйлесімді жұмысы үшін олардың орналасатын орны мен қажетті техникалық қамтамасыз етілу мәселесі де қаралды. Сайысқа қатысушылардың, ұйымдастырушылар мен еріктілердің жатын орындары мен тұрмыстық жағдайлары да назардан тыс қалмады.

Іссапар соңында штаб мүшелері Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесіне және Абайдың музей-үйіне барып, мерейтойға дайындық барысын көрді. Мерейтой нысандарындағы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен аяқталу мерзімдері талқыланып, бірқатар ұйымдастыру мәселелері бойынша нақты нұсқаулар берілді.

Бұл іссапар – Абайдың 180 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуге бағытталған дайындық шараларының үйлесімділігін арттыру мен өңірдің мәдени инфрақұрылымын ретке келтіру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив