Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Абай ауданында Полиция күніне арналған мерекелік шара өтті

28-06-2025, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Абай ауданының мәдениет үйінде 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері, сондай-ақ олардың отбасылары қатысты.

Мерекелік жиында аудан әкімі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қоғамның қауіпсіздігін сақтау жолындағы адал еңбектері үшін ризашылығын білдірді. Ол азаматтардың тыныштығы мен құқықтарын қорғаудағы полицияның рөлі ерекше екенін атап өтіп, бірқатар қызметкерлерге Алғыс хаттар табыстады.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Жұбайханұлы сөз сөйлеп, саладағы жетістіктер мен алдағы міндеттерге тоқталды. Ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Мінсіз қызметі үшін» ІІ және ІІІ дәрежелі төсбелгілерін үздік қызметкерлерге табыстап, өз атынан да марапаттар мен алғыс хаттар ұсынды.

Салтанатты жиын барысында жас мамандар — полиция лейтенанты мен сержанттары ант қабылдап, ел алдындағы абыройлы қызметін адал атқаруға серт берді.

Сонымен қатар ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлердің отбасылары да назардан тыс қалмады. Полиция қызметіне лайықты ұрпақ тәрбиелеген ата-аналарға ерекше алғыс білдірілді.

Мерекелік шара соңында «Қаламқас» халық ән-би ансамблі өнер көрсетіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бұл мереке – ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауда адал еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлеріне көрсетілген құрмет пен алғыс белгісі болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив