Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Абай ауданы өнерпаздары «Абай елі – өнер кеніші» облыстық байқауында І орынды иеленді

26-06-2025, 16:10 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай облыс әкімі Берік Уәлидің қолдауымен және облыстық Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Абай елі – өнер кеніші” атты облыстық көркемөнерпаздар байқауы өз мәресіне жетті. Шараның қорытындысы Семей қаласындағы Абай атындағы театрда өткен салтанатты гала-концертпен түйінделді.

Байқаудың басты мақсаты – Абай туған қасиетті өңірдің өнерін дәріптеу, ел ішіндегі таланттарды қолдау және өңірдің шығармашылық әлеуетін арттыру болды. Арнайы құрылған қазылар алқасы облыстың он ауданын аралап, әр өңірдің өнерпаздарының дайындық деңгейі мен шеберлігін саралады.

Гала-концерт барысында әр ауданнан үздік деп танылған нөмірлер сахна төрінде орындалып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Қазылар алқасының шешімі бойынша Абай ауданының өнерпаздары жоғары өнер көрсетіп, байқаудың бас жүлдесіне лайық деп танылып, І орынды иеленді.

Сахнада облыс әкімі Берік Уәли жеңімпаз аудан өнерпаздарын құттықтап, шығармашылық ұжымға шағын автобустың кілтін табыстады. Бұл – аудан өнерпаздарына көрсетілген зор құрмет әрі олардың шығармашылық жұмысына серпін беретін үлкен қолдау болды.

Абай ауданы өнерпаздарының бұл жеңісі – өнер мен руханиятқа бай өңірдің талантты жастарының еңбегі мен талантының жемісі. “Абай елі – өнер кеніші” байқауы өнерді ұлықтап, ұлт руханиятына үлес қосқан айтулы мәдени оқиға ретінде ел жадында сақталары сөзсіз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив