Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Нұржан Оразбекұлы Приречный ауылдық округіне қарасты Шөптығақ станциясының тұрғындарымен кездесті

30-05-2025, 11:51 018.kz

Жаңасемей ауданы әкімінің кеңесшісі Нұржан Оразбекұлы жұмыс сапары аясында Приречный ауылдық округіне қарасты Шөптығақ станциясының тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шараға ауылдық округтің әкімі, жергілікті учаскелік инспектор, мектеп және медициналық пункт қызметкерлері, ауыл ақсақалдары мен жастар өкілдері қатысты.

Кездесудің басты мақсаты — ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне, әлеуметтік жағдайына және инфрақұрылымның жай-күйіне қатысты өзекті мәселелерді талқылау болды. Жиында тұрғындар жолдың сапасы, ауызсу мен жарықтандыру, интернет байланысы, ауылішілік қоғамдық көлік қатынасы сияқты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, мал ұрлығының алдын алу, санитарлық тазалық және көктемгі абаттандыру жұмыстары да сөз болды.

Нұржан Оразбекұлы әрбір сұраққа жеке тоқталып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдады. Ол аудан басшылығы тарапынан әлеуметтік нысандарды жаңарту мен ауыл инфрақұрылымын жақсарту бағытында нақты жоспарлар бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл шаруашылығын қолдау, шағын несие беру және жұмыспен қамту саласында тұрғындар үшін мүмкіндіктер жеткілікті екенін түсіндірді.

Кеңесші ауыл тұрғындарын қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуға, өз ауылын көркейтуге атсалысуға шақырды.

— «Әрбір ауылдың дамуы – жергілікті тұрғындардың белсенділігі мен бірлігінің айнасы. Елді мекендердің өркендеуі үшін барлығымыз бірлесе еңбек етуіміз қажет», — деді Нұржан Оразбекұлы.

Кездесу соңында тұрғындар көтерген барлық ұсыныстар мен өтініштер хаттамаға енгізіліп, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді. Аудан әкімінің кеңесшісі көтерілген мәселелердің орындалу барысын жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, жергілікті билік пен тұрғындар арасындағы ашық диалогты нығайтуға бағытталмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив