Абай облысының Көлік басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Мерей Бақытбекұлы Байырхан Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Мерей Бақытбекұлы 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дүниеге келген.
2007 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы, 2019 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар университеті «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын Астана қаласындағы «Жолаушылар тасымалы орталығы» ЖШС-інде диспетчер қызметінен бастады.
2007 - 2012 жылдары «Астана қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті» ММ жетекші маманы, бас маманы,2015-2016 жылдары «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бас маманы болып еңбек етті. 2016-2025 жылдары Астана қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары болды.
Тағайындалғанға дейін Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарды.