2023 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ пойыздарында багаж тасымалдау 27% артты
2023 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 4 мың тоннаға жуық жүк багажы тасымалданды. Багажды тасымалдау өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 27% өсті.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 5 маршрут бойынша багажды және жүк-багажды тасымалдау бойынша қызметтер көрсетеді. Қазақстанда 16 багаж бөлімшелері мен пункттері жұмыс істейді.
Артық қол жүгін, жүкті немесе жүк-багажды тасымалдау теміржол вокзалындағы багаж бөлімшесінде алдын ала (пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 1 сағат бұрын) ресімделеді.
Сәлемдемелерді жолсеріктер арқылы жіберу заңсыз болып табылады. Ресімделмеген багажды немесе жүк багажын қабылдаған жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жұмыстан шығарылуы да мүмкін.
Ресімделмеген багажды заңсыз алып жүру фактілері анықталған кезде Ұлттық тасымалдаушы белсенді азаматтық ұстаным көрсетуді және дәлелдемелері мен қажетті ақпараты бар фото мен бейне файлдарды kensepp@railways.kz. поштасына жіберуді сұрайды.