Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

Биыл Семей қаласында 35 аула аумағы абаттандырылды

19-11-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында тұрғындар үшін қолайлы және қауіпсіз қоғамдық кеңістіктер қалыптастыру мақсатында абаттандыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Есепті кезеңде қала бойынша 35 аула аумағы абаттандырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында қала әкімі Әділет Қожанбаев баяндады.

- Абаттандыру жұмыстары екі жоба аясында іске асырылды. «Менің аулам» жобасы бойынша 22 аула, ал «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде 13 аула абаттандырылды. 2025 жылдың қазан айында, Республика күні қарсаңында Қарағайлы ықшам ауданында жаңа саябақ ашылды. Аумағы абаттандырылып, ағаштар мен көшеттер егілді. Аталған бағыттағы жұмыстар абаттандырудың келесі кезеңдерінде де жалғасын табады. Келесі кезеңде саябақты жарықтандыру (қазіргі уақытта «БЭСК» АҚ тарапынан келісім алу процесі жүргізілуде), көлеңкелі аймақтарды орнату, фудкорт және өзге де негізгі инфрақұрылым элементтерін орналастыру жоспарлануда, - деді қала әкімі.

Бұдан бөлек, Юность ауданында жаңа саябақтың құрылысы жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив