Жарма ауданында бокстан жасөспірімдер арасында облыстық турнир басталды
Қалбатау ауылындағы Болат Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде Жарма ауданының 95 жылдығына орай, аудан әкімінің жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасында облыстық турнир жалауын көтерді.
Жарыстың салтанатты ашылу рəсімінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Н.Нұрғалиев сөз сөйлеп, жас былғары қолғап шеберлерінің жеңіс тұғырынан көрінуіне ниет білдіріп, сəттілік тіледі.
Сайысқа Семей қаласынан, Абай, Ақсуат, Аягөз, Бородулиха, Үржар, Ұлан аудандарынан балғын боксшылар қатысып, бақтарын сынауда.
Іс-шараның басты мақсаты - жасөспірімдер арасында бокс спорт түрін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, боксшылардың спорттық шеберлігін шыңдау.
Ашылу салтанатында өнер мектебі оқушыларының арнайы дайындаған ән-би бағдарламасы көрермендердің көңілінен шықты.
Жарыстың бас төрешісі - халықаралық дәрежедегі IBA төрешісі Қуат Құдайбергенов. Жекпе-жек барысында жас спортшылар өз шеберліктерін ортаға сатып, мықтылар анықталды.