Семейде шағын бизнес үшін арнайы салық мөлшерлемесі 2%-ға дейін төмендетілді
Бүгін Семей қалалық мәслихатының депутаттары шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимінің мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендету туралы шешімді бірауыздан қолдады.
«Қазіргі уақытта бизнесті қолдау шаралары бар және облыс басшылығы да бұл бағытты түсіністікпен қабылдап отыр. Сондықтан бұл бастаманы жалпы қолдауды ұсынамын», – деді Әділет Қожанбаев.
Қабылданған шешім кәсіпкерлерге түсетін жүктемені азайтуға, шағын бизнесті дамытуға және Семейдегі іскерлік белсенділікті арттыруға бағытталған.
Айта кетейік, жуырда кәсіпкерлермен өткен кездесуде қала әкімі Әділет Қожанбаев бизнес қауымдастығының ұсынысын қолдап, бұл мәселені мәслихат депутаттарының қарауына шығаруды тапсырған болатын. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ұсыныс ресімделіп, сессияға енгізілді.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ (НАУРЫЗ АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ)Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы