Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Абай облысында Макроэкономиканың белсенді дамуы байқалады

20-04-2023, 11:30 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңес барысында аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді.

«340,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша, 3 352 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Жалпы, 2023 жылдың 3 айында Макроэкономиканың белсенді дамуы байқалады. Құрылыс көлемі 156,8%, инвестициялар – 115,9%, өңдеу өнеркәсібі – 118,3% құрады. Бюджет 24,2 млрд теңгені құрайды», - деді ол.

Өңір басшысының айтуынша бюджет шығыстары сумен жабдықтауды дамытуға екі есеге немесе 8,8 млрд теңгеге, жолдарды жөндеуге 3 есеге немесе 11 млрд теңгеге, білім беруге 1,2 есеге немесе 32,4 млрд теңгеге, денсаулық сақтауға 2 есеге немесе 4,8 млрд теңгеге және ауыл шаруашылығына 6 есеге немесе 17,7 млрд теңгеге ұлғайды.

«Облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін Семей қаласының дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Семей қаласының бюджеті биыл 50%-ға өсіп, 85,4 млрд теңгені құрады. ТКШ-ны қаржыландыру 1,4 есе және әлеуметтік қорғау 1,5 есе ұлғайтылды», - деп түйіндеді Нұрлан Ұранхаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив