Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Ораза айт мейрамымен құттықтауы

21-04-2023, 09:00 018.kz

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша қастерлі мереке — Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сәті.  Осы мереке күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді.

Осындай ізгі ниеттер мен игілікті істер еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтауға зор септігін тигізетін біздің ұлттық бірегейлігімізге негіз болуда. 

Баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ораза айт құтты болсын!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив