Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Семей қаласында теңдесі жоқ заманауи Студенттер үйі пайдалануға берілді

21-04-2023, 13:52 Думан Кенжеғазыұлы

21 сәуір күні Семей қаласында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Әлихан Бөкейхан Университетінің жаңа Студенттер үйінің ашылу салтанаты өтті.

«Студенттер Үйі» аталған жаңа жатақхана – хостелдік типтегі заманауи студенттік дорм. Бұл соңғы 30 жыл ішінде өңірде толығымен Университетің өз қаражатына салынған тұңғыш жатақхана.

Жатақхананың ашылу салтанатына ҚР ҒжЖБМ, Абай облысы әкімдігінің өкілдері, Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары және оқу орнының әлеуметтік серіктестері қатысты.

Жатақхана 400 тұрғынға есептелген. Құрылысы 2021 жылдың тамыз айында басталды. Объект құрылысына жалпы жиыны 1,5 млрд. теңге инвестиция жұмсалған. Жалпы ауданы – 6000 шаршы м. аумақты құрайды.

«Студенттер үйі» 6 қабаттан (астыңғы қабат және ғимарат бойындағы 5 қабат) және 136 бөлмеден тұрады. Жатақхана ғимараты барлық заманауи талаптарға сай, жарық, кең, құрылыс барысында ыңғайлылық пен экологиялылық талаптарына ерекше көңіл бөлінген. 

Әр бөлмеде 3 адамнан тұрады, бөлмелер жекелеген «блок-секцияларға» қосылады. Әр секцияда екі бөлме, жеке санитарлық бұрышы және душ бөлмесі бар. Жатын бөлмелермен қатар, жатақхана заманауи ас үйлерімен, коворкинг-зоналармен, медициналық кабинеттермен, Wi-Fi желісіне қосылған кітапханамен, фитнес залмен, кір жуатын бөлмемен және басқа да тұрмыстық, қосалқы жайлармен жабдықталған.

Жатақхана ғимараты Қазақстанда өндірілген силикат кірпішінен тұрғызылған. Қабырғалар жылуды сақтауы үшін арнайы суық өткізбейтін материалдармен қапталған.

Оқу жылының бойында жатақханада Университеттің білім алушылары тұрады. Жазғы уақытта Университеттің Әскери кафедрасының әскери-жаттығу жиындарынан өтетін курсанттары тұрады.

Бүгінгі таңда Әлихан Бөкейхан Университетінде 8000 білім алушы оқып жатыр. Университет – өңірдегі жетекші көп салалы жоғары оқу орны. Заң саласы, техникалық, гуманитарлық және педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейлерінде мамандар даярлайды. 

Университтетте Абай облысының өрендері ғана емес, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, өңірлерінен келген жастар және шет елдердегі қазақ диаспорасы өкілдері білім алуда.

Университеттің 8 оқу корпусы, «Abai IT-Valley» заманауи технологиялық кластері және ҚР Қорғаныс министрлігінің бағдарламалары бойынша запастағы офицерлер мен сержанттарды дайындайтын өз Әскери кафедрасы бар.

 

Пікірлер (2)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Куляш Аскаровна

Это общежитие еще одно доказательство (не побоюсь этого слова) материнской заботы руководства ABU о наших студентах. Мои дети учились в Новосибирске, один в НГУ, другой в НГТУ, вы не поверите, какие у них были общежития….. несмотря на то, что Новосибирск - третий по численности населения город России (после Москвы и Санкт-Петербурга), центр крупнейшей в России области, а НГУ и НГТУ – государственные вузы, в комнатах стояли старые двухярусные (панцирные) кровати….мне пришлось за свой счёт покупать и устанавливать новый унитаз вместо старого разбитого…. холодильник тоже покупала…. Не знаю, как сейчас там обстоят дела, но и в то время наш прежний Дом студентов по сравнению с новосибирскими был уровня Люкс….. у меня огромная просьба к студентам – цените заботу нашего вуза, относитесь к общежитию, обустроенному, красивому, продуманному до мелочей, как к своему родному дому…..

Ответить 22 Сәуір 2023 14:26

Маржан

Керемет жаңалық!!! Алға!

Ответить 22 Сәуір 2023 14:28