Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
472.48 550.06 6.59

Оқы. Талқыла. Бейнеле.

5-04-2023, 15:28 018.kz

«Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-ге қарасты «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің қызметкерлері №32, №33, №37 орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен Халықаралық балалар кітабы күні аясында «Оқы. Талқыла. Бейнеле» атты әдеби квест өткізілді.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкері «Оқы. Талқыла. Бейнеле» әдеби квестінің мақсаты мен тапсырмаларымен таныстырды.

Шарада әр сыныптың «Алтын сақа», «Толағай» және «Алдар көсе» атты топтары әртүрлі 3 тапсырмадан тұратын квест ойынында сайысқа түсіп, әдеби шығармалардың сюжетін талқылап білім қабілеттерін көрсетті.

Квест ойының әділдігін анықтау үшін «Жастар ресурстық орталығы»-ның директоры міндетін атқарушы Өрлеубек Ерсінбек және «Метеор»  аула клубының жетекшісі Алпысова Агжан Маратқызы төрелік етті.

Іс-шара қорытындысы бойынша №33 орта мектептің «Толағай» тобы І орынды, №32 орта мектептің «Алдар Көсе» тобы ІІ орынды, №37 мектеп-гимназиясының «Алтын сақа» тобы ІІІ орынды  қанжығасына байлады.

Шара қатысушыларына ән айтылып, күй тартылып, би билеп концерттік бағдарлама көрсетіліп, өнерпаз оқушылардың қатысуымен «Шалқан» ертегісі бойынша қойылым көрсетілді.

Әділқазылардың шешімімен жеңімпаздар анықталып, флешмоб биімен  іс-шара аяқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив