Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпектіде кәсіпкерлермен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ашық кездесу өтті

28-07-2025, 10:12 018.kz

Бүгін Оқушылар шығармашылық сарайының акт залында Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында аудан кәсіпкерлерімен ашық кездесу өтті.

Іс-шараға Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Сүйесінов Мақсат Сайлауғазинович, Абай облысы кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Зайниева Гүлмира Саттаровна, Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аналитикалық әзірлемелер бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сейілханов Марат Құдайбергенұлы, Көкпекті ауданының прокуроры Камалханов Бауыржан Елтайұлы, Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Кривко Оксана Юрьевна, Көкпекті аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Абдрасулова Гүлмира Қабышевна және аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Мұқушев Қанат Ермекович қатысты.

Кездесу барысында спикерлер мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен құқықтық тетіктер туралы кеңінен баяндап, бизнес өкілдерін толғандырған өзекті мәселелерге қатысты нақты әрі тұшымды жауаптар берді. Сонымен қатар, заң талаптарын сақтау, кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдерді азайту және мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимыл орнату мәселелері қозғалды.

Мұндай ашық форматтағы кездесулер жергілікті кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасында өзара сенімге негізделген диалог орнатуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив