Cемей-24°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
506.7 593.14 6.53

Көкпекті ауданында «Жастар бастамалары: Жылдық қорытынды – 2025» форумы өтті

22-12-2025, 17:42 018.kz

Бүгін Көкпекті ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Дильназ» мейрамханасында жылдық қорытынды форум өткізілді.

«Жастар бастамалары: Жылдық қорытынды – 2025» атты іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Танысбаев Аслан Балабекұлы қатысып, жыл бойы кәсіби және қоғамдық өмірде белсенділік танытқан 16 үздік жасты арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Марапат иелері – ауданның дамуына үлес қосып, өз саласында табысты еңбек етіп жүрген, рухани және кәсіби тұрғыда жоғары нәтижелерге қол жеткізген жастар.

2025 жылдың үздік жастары:

  1. Үздік жас маман – Байтунова Аяулым Еркимбековна

  2. Үздік жас ұстаз – Айткенов Сағыныш Төлеубекұлы

  3. Үздік жас белсенді – Төкенов Елдос Абылбекұлы

  4. Үздік жас мәдениет қызметкері – Батталова Аяулым Нұрланқызы

  5. Үздік жас спортшы – Даулбеков Мирас Нұржанович

  6. Үздік жас отбасы – Айтқалиевтар жанұясы

  7. Үздік жас полиция қызметкері – Төлеубеков Айболат Асылбекұлы

  8. Үздік жас төтенше жағдай қызметкері – Шайзатов Жандос Талғатұлы

  9. Үздік жас медицина қызметкері – Уранқаев Саян Саятұлы

  10. Үздік жас кәсіпкер – Дюсупов Шыңғыс Қасенұлы

  11. Үздік жас мемлекеттік қызметкер – Адильбеков Асланбек Қуанышбекұлы

  12. Үздік жас жастар саясаты маманы – Мұхамадиева Балжан Қадырбекқызы

  13. Үздік «Жасыл ел» жасақ сарбазы – Агадилов Арнұр Маратұлы

  14. Үздік жас жұмысшы маман иесі – Токтагазинов Аманжол Шүкірханович

  15. Үздік жас әлеуметтік сала қызметкері – Қайрақбаева Жайна Серікқызы

  16. Үздік жас медиа қызметкері – Әмірғазинов Бақытбек Боранбайұлы

Жыл бойы белсенділік танытып, аудан дамуына үлес қосқан барлық жастарға алғыс білдіреміз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив